Маңғыстауда ауылішілік жолдардан алынған сынамалардан ақау табылды

585

Маңғыстаулық жол активтерінің ұлттық сапа орталығы соңғы 10 айдың қорытындысын жариялады.  

Маңғыстауда ауылішілік жолдардан алынған сынамалардан ақау табылды Фото: inbusiness.kz

Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысында 374 рет бақылау шарасы өтіп, жол-құрылыс материалдарынан 1700-дей сынама алынған. Соның 270-ке жуығы норматив талаптарына сай емес, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Жыл басынан бері жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына 112 рет бақылау жасалған. Соның ішінде Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында автомобиль жолдарын салу және Басқұдық елді мекенде жалпы ұзындығы 10 шақырымдық көлік жолын қайта жаңғырту және Маңғыстау ауданының "Шетпе-Қызан" жолының 85-110 шақырым аралығын қайта жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасы тексерілді.

"Алынған 1024 сынаманың 167-сі талапқа сай емес. Сондай-ақ, 23 ақау табылды. Бұдан бөлек республикалық маңызы бар автожолдарға биыл қаңтар-қазан айлары 262 рет бақылау жүргізілді. 600-ден аса сынаманың 102-сінен сәйкессіздік табылды. Мәселен, инженерлер Құрық-Жетібай бағытындағы жолдың 64 шақырымын тексеріп шықты. Күрделі жөндеу жүріп жатқан трассаның осы бөлігінен 69 әртүрлі ақаулық анықталып отыр", - дейді жол активтерінің ұлттық сапа орталығының баспасөз хатшысы Талғат Әділ.

Жол салумен айналысатын мердігер мекемеге барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу