Маңғыстауда ауырып, ауруханаға түскен сарбаз көз жұмды

1230

Ол 30 қыркүйек күні іріңді  менингоэнцефалит дертімен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған болатын. 

Маңғыстауда ауырып, ауруханаға түскен сарбаз көз жұмды

Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаз 14 қазан күні таңертең жан тапсырған. Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сарсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сарбазды емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылды, алайда оны құтқару мүмкін болмады.

"Сарбаз қайтыс болды, оның миы 9:33-те жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, мерзімді қызметтегі сарбаз 30 қыркүйек күні іріңді  менингоэнцефалит дертімен Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған болатын. 6656 әскери бөлімінде осы оқиғаға байланысты карантин жарияланды. Сарбазбен бірге борышын өтеп жүрген алты жігіт іле-шала ауруханаға жатқызылды, алайда көп уақыт өтпей олар шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу