Маңғыстауда авариялық жөндеу кезінде электр энергиясын беру шектеле ме?

558

"KEGOC" АҚ коммуникация қызметі түсінік берді.

Маңғыстауда авариялық жөндеу кезінде электр энергиясын беру шектеле ме?

15 тамыз сағат 05:56-де "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС (Маңғыстау облысы) жылу электр станциясында №1 энергия блогы авариялық жөндеу жүргізу үшін ажыратылған. Маңғыстау энергия торабында электр энергиясы мен қуат тапшылығының себебі осы болған. 

"Энергия блогын жөндеу кезінде Маңғыстау өңірлік электр желілік компаниясының (Маңғыстау ӨЭК) электр желілерінде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізіледі. Халықты энергиямен жабдықтау басым түрде, толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс. "KEGOC" АҚ электр желілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, авариялық ажыратулар жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу