Маңғыстауда авиакеросин өндірілуі мүмкін

352

"Caspi Bitum" БК ЖШС шығарылатын өнімдер себетін авиакеросинмен кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Маңғыстауда авиакеросин өндірілуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Зауыттың өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы талқыланды.

Қазіргі уақытта Нанкин мұнай-химия жобалау институты (NJPEC) техникалық аудит жүргізуді аяқтауда, жұмыстардың егжей-тегжейлі кестесі қалыптастырылды және жаңғырту нұсқалары ұсынылды.

Қытайлық тараппен келісім бойынша мердігерлік ұйым және жобаны қаржыландыру жүйесі алдын-ала анықталды.

Зауыт басшылығы жобаны іске асыру белгіленген мерзімдер шеңберінде жүзеге асырылатынын және оның аяқталуы 2024 жылдың соңында күтілетінін мәлімдеді.

"Кәсіпорын битумды (сұйық) сақтау резервуарлық паркін 9 мың текше метрден 29 мың текше метрге дейін кеңейту үшін жобаны әзірлеуге шарт жасасты. Бұдан басқа, шығарылатын өнімдер себетін ұлғайту үшін қуаттылығы жылына 75 мың тонна авиакеросин (оның ішінде Jet А-1 маркасы) өндіру мүмкіндігі зерттелуде", - делінген зауыт хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ құрылымында битум өндірумен екі кәсіпорын айналысады: Ақтау битум зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ). Жол битумын өндіру бойынша "Caspi Bitum" 2013 жылы бір млн тонна мұнай өңдеу бойынша жылдық қуаттылығымен іске қосылды. Зауыттың өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін кеңейту жоспарлануда. Бұл кәсіпорында жол битумын өндіруді жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қаражанбас кен орнынан қайта өңдеуде пайдаланылатын мұнай ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі, жоғары сапалы жол битумын өндіруге мүмкіндік бар.                                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу