Маңғыстауда азық-түлік бағасы 31,4% қымбаттады

616

Ақтауда қараша айында ұн, қияр және қызанақ әлдеқайда қымбаттаған. 

Маңғыстауда азық-түлік бағасы 31,4% қымбаттады

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасының жылдық көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары екені байқалды. Бір жылда бірден 31,4% өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Мәліметтерге жүгінсек, көкөністер бір жылда 17,4% қымбаттаса, жемістердің ішінде банан 45,8% дейін өсіп, бір кг 870 теңге болды. Апельсин 26%, кептірілген өрік құны 65% өсіп, кг 4 мың теңгеден асты. 

Жыл қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 30% өскен. Бағалық өсім сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшікте байқалады. Ал ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16% қымбаттады. Қой еті 2 мың 700 тг, жылқы еті 3 мың тг, тауық еті 1 мың 400 тг болды. 

Бірінші санаттағы он дана жұмыртқа орташа есеппен 20% қымбаттап, 480 теңгеге тұрақтады. 

Нан бір жылда 19% , макаронның құны 42%, ұн 43% өсті. Бағалардың қымбаттауы дәнді дақылдарда анық көрінеді. Қарақұмық жармасы 38% өсіп, бір кг 720 тг барды. Сұлы жармасы 37%,  610 тг, ал күріс 34% дейін қымбаттап кетті. Оның құны кг 500 тг асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу