Маңғыстауда балабақша мен мектеп есепшілері қаржы жымқырды

396

Сот үкімімен оларға 3 жыл бас бостандығына айыру жазасы тағайындалды.   

Маңғыстауда балабақша мен мектеп есепшілері қаржы жымқырды  Фото: Depositphotos

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы "Манашы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны есепшісі Еңбек кодексі талаптарын бұзып, 02.08.2021 - 03.05.2022 жыл аралығында жалпы сомасы 6 551 387 теңге негізсіз, артық , жеке шотына қаржы аударғаны анықталды.

Сондай - ақ, Ақтау қаласындағы №11 мектеп-лицейінің бас бухгалтері тұрақты түрде тиесілі жалақыдан бөлек 63 838 400 теңге негізсіз қаражат аударып отырған. Есепші сот үкімімен кінәлі болып танылды.                                                                               

"Маңғыстау мектептерінде былық көп. Биыл білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген. Мониторинг қорытындысы бойынша 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, ол мұғалімдердің барлығы қызметтерінен шығарылды",- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу