Маңғыстауда "Бастау бизнес" басталады

984

Биыл Маңғыстау облысында жұмыссыздықты жою бойынша бірқатар бағдарлама жүзеге аспақ.  

Маңғыстауда "Бастау бизнес" басталады

Бұл жобалардың жай-жапсары жөнінде қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау өңірлік "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутов тарқатып айтып берді.

Атап айтқанда, "Еңбек" бағдарламасы бойынша 640 қайтарымсыз грант бөлінген. "Көпбалалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы мүшелері, оралмандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар бағдарламаға курс оқымай-ақ тікелей қатыса алады. Ал, жұмыссыз азаматтарға арнайы оқу қажет. Соған байланысты облысымызда "Бастау бизнес" оқу гранты басталғалы жатыр. Оқу аяқталғаннан кейін грантқа қатысуға немесе төмен пайыздық шағын несиеге алуға мүмкіндік бар", – деп түсіндіреді Аманат Махмутов.

Белгілі болғандай, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 78 айға дейін 4 млн теңге бермек. Тігін шеберханалары мен автокөлік жуу орталықтарына да алпыс айға 6 млн теңге несие беріледі. Өтініш бірдірген азаматтардың кепілдік мүлкі болуы міндетті.

Сол сияқты "Бизнестің жол картасы- 2025" бағдарламасы бойынша да тың идеялары бар кәсіпкерлерді қолдауға гранттар қарастырылған. Биыл Маңғыстау облысына бөлінген грант қоры 2-5 млн.теңге аралығында және ол алдағы күзде берілмек екен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу