Маңғыстауда Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды

546

Жобаның технологиялық жүйесіне сәйкес газ құбырының 2- желісінің жалпы ұзындығы 308 шақырым. Өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды.  

Маңғыстауда Бейнеу-Жаңаөзен газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысында Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің мегажобасы – Бейнеу-Жаңаөзен магистральдық газ құбырын  пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр, – деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, шағын және орта бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Маңғыстау облысының елді мекендерін, әлеуметтік объектілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен, сумен жабдықтау үшін газды сенімді және үздіксіз тасымалдауға тікелей тәуелді ірі кәсіпорындарды тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға және стратегиялық тұрғыдан газ беруді тоқтату қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Өңірдің энергия қауіпсіздігін күшейтеді, - деп атап өтті мердігер компанияның басшысы Санжар Жаркешов.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында елдің ішкі нарығында табиғи газды тұтынудың өсуі байқалады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу