Маңғыстауда Бекет атаға зиярат етуге кетіп, із-түзсіз жоғалғандар табылды

244

Кең ауқымды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Маңғыстау облысының полицейлері Бекет ата жерасты мешітіне барғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен 3 азаматты аман-есен тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстауда Бекет атаға зиярат етуге кетіп, із-түзсіз жоғалғандар табылды Фото: Lada.kz

Олар мінген көлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым қашықтықтағы жетуі қиын жерде анықталды.

– Алдын ала мәлімет бойынша, көлік батпақты жерге батып қалып, салдарынан олар әрі қарай қозғала алмай, байланысқа шыға алмаған. Іздестіру барысында жоғалған азаматтарды алғаш болып Бейнеу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұржігіт Базарбаев және Бейнеу аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Бауыржан Нұрмұханбетов анықтады, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта азаматтар медициналық тексеруден өткізу үшін Ақжігіт ауылына жеткізілген. Олардың денсаулық жағдайын дәрігерлер тексереді.

Полиция іздестіру жұмыстарына қатысқан барлық қызметтерге алғыс білдіреді. Полиция қызметкерлерінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және жұмылдырылған өзге де қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу