23-нен 24 маусымға қараған түні Ақшұқыр ауылында Volvo маркалы автокөлікті тәртіп сақшылары тоқтатты. Онда жалпы салмағы 94 келі 600 грамм болатын бекіре тұқымдас балықтардың 17 данасын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Тәркіленген балықтар "Kazakh Osseter" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу