Маңғыстауда бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған 8 адам ұсталды

677

Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарды және оның қара уылдырығын заңсыз аулап және өткізген бір топ азаматты ұстады.

Маңғыстауда бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған 8 адам ұсталды

Ақтау қаласы мен Түпқараған ауданы аумағында сегіз адам күдікті ретінде ұсталды. Қолға түскендердің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тінту барысында жалпы салмағы 6 кг 500 грамм бекіре тұқымдас балықтардың қара уылдырығы және 459 кг бекіре тұқымдас балық, бір "Байда" жүзу құралы, бір резеңке қайық, 15 қап балық аулау торлары, үш дана патрон және "марихуана" есірткі заты бар шырпы қорабы табылды. Айғақ заттар толық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Тергеу әрекеттері жалғасуда. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу