Маңғыстауда белгісіз адам судьяға қомақты ақша қалдырды

1020

Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.  

Маңғыстауда белгісіз адам судьяға қомақты ақша қалдырды

Маңғыстау облысында белгісіз адам судьяға қомақты ақша мен әтір қалдырып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сот кеңсесінде белгісіз әйел пакет қалдырып кеткен. Полиция онда жарылғыш заттың бар-жоғын тексерген. Нәтижесінде пакеттен қомақты ақша мен әтір табылған.

"Белгісіз әйел сот кеңсесіне кіріп, судья Ғабит Бастаубаевты сұрады. Оған судьямен сөйлесуге болмайтыны айтылды. Алайда әйел кеңседе пакетті қалдырып, ештеңе түсіндірместен кетіп қалды", - деп жазылған хабарламада.

Істің мән-жайын анықтау барысында оқиға орнына Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылған. "Арлан" арнайы жасағы әйел адам қалдырған сәлемдемені тексерген.

"Оның ішінде номиналы 10 мың теңге болатын 26 купюра және 20 мың теңгелік 2 купюра болды. Жалпы сома – 300 мың теңге. Тексеріс видеоға түсірілді. Соттың бейнебақылау камералары түсірген видео да алынды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай базасында тіркелді. Бүгін тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу