Маңғыстауда белгісіз жануардың қаңқасы табылды

257

Тұрғындар оны "чупакабра" аңына тиесілі деп болжайды.           

Маңғыстауда белгісіз жануардың қаңқасы табылды Фото: 112 Ақтау

Әлеуметтік желілерде Ақтауда белгісіз жануардың қаңқасы түсірілген бейнеролик тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                                                                                                                                                                                                            

"Белгісіз жануардың қаңқасын қала сыртынан кездестірдік. Терісі мен етінен ажыраған құр сүйек болды. Бұрын-соң ондай мақұлықты көрмеппіз. "Чупакабра" сияқты екен",- дейді куәгерлер. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Маңғыстау тұрғындары бір-біріне мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде түнде малға шабуыл жасайтын "чупакабра" аңы туралы хабарламалар жіберген болатын.

Хабарламаларда Қарақия ауданындағы Қарақұдық ауылында үй жануарларын өлтіріп, олардың қанын ішетіні айтылған. Бұл ақпаратты Жаңаөзен прокуратурасы да, Қарақия ауданының ІІБ де растаған жоқ.

2012 жылы АҚШ ғалымдары Маңғыстауда "чупакабраны" іздейтіні хабарланды.
2018 жылы Сайын Шапағатов ауылында үй жануарларына білгісіз аңнан шабуылдар болды. 25-ке жуық мал қырылды. Ауыл әкімдігі жануарлардың өліміне қаңғыбас иттер себеп болғанын айтты.

2019 жылдың наурыз айында Атамекен ауылының тұрғындары малға жасалған шабуылға шағымданды. Жергілікті тұрғынның айтуынша, түнде оның төрт қойы, көршілерінен де мал өлген.

Айта кетейік, чупакабра туралы алғаш рет 1950 жылдардың басында Пуэрто-Рикода кішкентай жара-тесік арқылы қан сорылған бірнеше өлі ешкі табылған кезде айтылды. 1990 жылдардың ортасында аңыз негізінен теледидар мен интернеттің арқасында кең таралды. "Чупакабра" орталық және Оңтүстік Америка елдерінде, АҚШ-та, Ресейде, Украинада, Қырғызстанда байқала бастады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу