Маңғыстауда бетіне оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады

932

Әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, желі қолданушыларынан бауырының өліміне кінәлілерді жазалауға көмектесуді сұрады. 

Маңғыстауда бетіне оқ тиіп, қаза тапқан сарбаздың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады Фото: @laulaerzhanova

Ол Маратқа кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетуінен қорқатынын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтаудағы "Оймаша" полигонынында бетінен оқ тиіп, қаза тапқан қатардағы жауынгер Марат Барқұловтың әпкесі бауыры туралы жазба жариялады.

"Кішкентай інім қызметке кетіп, қайтып оралмады. Қолынан келгенше мені қорғап жүретін, "менің 1 әпкем, 1 қарындасым бар" дейтін. Мен қазір не болып жатқанын түсібеймін, бірақ сенің жаның тыныш болуы үшін әділеттің с алтанат құруына қандай да бір үлесімді қосқым келеді. Барлығыңыздан осы іс бойынша ақпарат таратуды сұраймын. #ЗаМаратика хэштегімен сторис, пост, видео жариялайық", – дейді марқұмның әпкесі. 

Ол Маратқа кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетуінен қорқатынын жеткізді. Желідегі видео 900 мыңнан астам қаралым жинаған.

Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаздың бетіне полигонда оқ тиіп, көз жұмғанын еске саламыз. Бас әскери прокуратура сарбаз өліміне қатысты істің “қасақана адам өлтіру” бабымен тергелетінін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу