Маңғыстауда білім беру саласында лауазымды тұлғалардан жемқорлық тәуекелдері анықталды

604

Арнайы мониторинг барысында Ақтау қалалық білім бөлімі мен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың арасындағы келісімшартта лауазымды тұлғалар біраз өкілеттіліктерге ие болғаны анықталды. Атап айтқанда, білім бөлімі шарт бойынша балабақшаларға "тексеру жүргізу" құқығын иеленген. 

Маңғыстауда білім беру саласында лауазымды тұлғалардан жемқорлық тәуекелдері анықталды Фото: Яндекс

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсыныс беріліп, мемлекеттік орган мен балабақшалар арасындағы келісімшарттарға өзгерістер енгізілді. Осылайша, Ақтау қаласындағы 70 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 

Тағы бір дерек- Жаңаөзеннің білім бөлімі кәсіпкерлікке кедергі келтіргені белгілі болды. Қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлікке кедергі келтіріп, 3 ай бойы іскерге мектепке дейінгі білім беру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға шарт жасасудан негізсіз бас тартып келген.  

Құзырлы органдардың араласуымен жеке кәсіпкер мен білім бөлімі арасында шарт жасалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу