Маңғыстауда бір ауыл кәсіпкерлері ішімдік сатудан бас тартты

662

Маңғыстау облысының Баянды ауылы арақ-шараптан бас тартып, енді барлық той-жиын ішімдіксіз өтпек. 

Маңғыстауда бір ауыл кәсіпкерлері ішімдік сатудан бас тартты Фото: Lada.kz

Осы мақсатта кәсіпкер, полиция және әкімдік арасында үш жақты ресми келісім бар.

7 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдағы 9 дүкен сөрелерінен ішімдіктің барлық түрін алып тастады. Ешқайсысына қысым жасалмаған.

"Біз спирттік ішімдіксіз де саудамызды жасай береміз. Ол біздің негізгі табыс көзі емес. Есесіне ауылда қылмыс азаяды. Ішімдік ішіп отбасының мазасын алатындарға жол жоқ. Тойларымыз шұбат, қымызбен өтсе, керемет қой",- дейді ауыл кәсіпкерлері.

Былтыр ауданда мас күйінде қылмысқа ұрынған 60 жағдай тіркелді. 8 адам маскүнем ретінде есепке алынған. 

"Ауылдағы кәсіпкерлерге бастаманы қолдағандары үшін рақмет айтамыз. Алдағы уақытта қылмыс азаяды деп үміттенеміз. Ауылда мәдениет пен спорт саласын дамыту жоспарланып отыр. Қазір спорт кешенін салуға құжат дайындалып жатыр",- дейді Баянды ауылы әкімінің орынбасары Бектұрлы Ыбыраев.

Ал ауылда арақ сатқандар ешқандай жауапқа тартылмайды. Мұның барлығы ерікті түрде жасалып жатқан шара. Кәсіпкерлердің өздері үлгілі ауыл болу үшін ережені сақтаймыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу