Маңғыстауда бір топ жігіт мүгедек жасөспірімді аямай соққыға жықты

335

Маңғыстау облысының Құрық кентінде 8 адамнан тұратын топ 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Мейрамбек Рахымбердіні сабап тастаған.  

Маңғыстауда бір топ жігіт мүгедек жасөспірімді аямай соққыға жықты Фото: Видеодан скриншот

Қазір жәбірленуші ауруханада жатқан. Оның ата-анасы кінәлілерді жазалауды талап етеді. Бұл мүгедекке жасалған алғашқы шабуыл емес. Анасының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында бір топ бала Мейрамбекті ұрып-соққан. Сол кезде алған жарақаттарынан кейін жасөспірімде талма ауруы пайда болып, оған 2- дәрежелі эпилепсия диагнозы қойылып, мүгедектіктің үшінші тобы тағайындалды.

"Мен білмеймін, неге кінәлілер тайраңдап жүргенін. Осы іс бойынша айыптылар ешқашан жазаланбаған. Іс жалғасуда. Міне, тағы шабуыл жасады. 20 қыркүйек, сағат 06:30 шамасында болды. Ұлым досымен дүкеннің жанында тұрады. 8 адам  жабылып ұрып кеткен. Күдіктілер белгілі, олардың жеке басы анықталған", - дейді зардап шеккен баланың ата-анасы.

3 топтағы мүгедек, кәмелетке толмаған Мейрамбек Рахымбердіні жаппай ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы бойынша бұзақылық ретінде тіркелді. Шабуылдаушы жасөспірімдердің жеке басы анықталды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД қызметкерлері.

Жалпы Құрық ауылы жасөспірімдер арасындағы төбелес бойынша бірнеше рет тізімге ілінген.                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу