Маңғыстауда бір жарым мыңға жуық тұрғын банкроттық рәсіміне өтініш берді

523

Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініштерді беру шарттары мен алғашқы қорытындылары Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жарияланды.

Маңғыстауда бір жарым мыңға жуық тұрғын банкроттық рәсіміне өтініш берді Фото: Капитал кз

Еліміздегі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша ең алғашқы болып Ақтау тұрғынының өтініші мақұлданды.

Өтініштер саны бойынша бірінші үштікте Ақтау – 430, Мұнайлы ауданы – 428, Жаңаөзен – 408 тұр.

"Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін бір жыл ішінде банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдында 1600 АЕК-тен, яғни 5,52 миллион теңгеден аспайтын төленбеген борыш немесе бес жылдан асқан берешек болуы негізгі шарттардың бірі. Сондай-ақ, азаматтың мүлкі, оның ішінде ортақ меншігі болмауы керек және соңғы жеті жыл ішінде сот немесе соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылмауы керек",- делінеді департамент хабарламасында. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу