Суға батқан адамдардың бірін жергілікті тұрғындар құтқарып қалды. Алайда 31 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Құтқарушылар тағы екі адамның денесін тауып, судан шығарды. Олар 31 және 35 жастағы ер адамдар. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ер адамдардың суға түсу үшін жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткенін атап өтті.
Жаз басталғалы Маңғыстауда 10 адам суға батып кетті, марқұмдардың бірі 17 жаста.
Фото: Егемен Қазақстан
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу