Маңғыстауда биыл да қандастарға мемлекеттік қолдау көрсетілмейді

607

Маңғыстау облысы үшін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 2016 жылдан бастап бөлінбейді. Биыл да талап өзгеріссіз қалды. Сондықтан да өңірге қоныс аударушылар өз қаражатына сенуіне тура келеді. 

Маңғыстауда биыл да қандастарға мемлекеттік қолдау көрсетілмейді Фото: inbusiness.kz

"Маңғыстау облысы жұмыссыздық үлесі жоғары өңір болып табылады. Осыған байланысты біздің облыс қандастарды қабылдауға жатпайды. Маңғыстауда этникалық қазақтарға мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған. Бізге келген қандастарға жұмыс күші тапшылығы бар солтүстік өңірлерге көшуді ұсынамыз. Бұл өңірлерде олар мемлекеттік қолдау:  жұмысқа орналасу, тұрғын үй көмегі, отбасының әрбір мүшесіне біржолғы қаржылық қолдау алады", - дейді Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досан Жеткізген.

Статистикаға жүгінсек, 1992 жылдан бастап Маңғыстау облысына алыс және жақын шетелдерден 36 мың отбасы, яғни 140 мың адам қоныс аударған. Қандастардың басым көпшілігі Өзбекстан мен Түрікменстан Республикасынан келгендер.

Биыл еліміздің солтүстік өңірлеріне көшіп келуге 1925 қандастан өтініш түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу