Маңғыстауда бизнес нысандарының саны артты

712

Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша биылғы 1 қыркүйектегі жағдайға сәйкес, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің  саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті. 

Маңғыстауда бизнес нысандарының саны артты

Биыл барлығы 54 мың кәсіпкерлік нысан жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Облыстағы 54 мың кәсіпкерлік нысанның 75,8%-ы, яғни 40 890-ы жеке кәсіпкерлер үлесіне тиесілі. Ал шағын кәсіпорындар саны 18,9%-ды, яғни 10 187 нысанды құрап отыр. Өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуда шаруа қожалықтарының 2 796-ы, яғни 5,2%-ы жұмыс істейді. Қалған 0,2%-ы немесе 88 нысан орта кәсіпорындардың үлесіне тиесілі", – деді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.

Жыл басынан бері өңірдегі шағын және орта бизнес нысандарының өндірген өнім көлемі 308,9 млрд теңгені құрады.                                                                                   

Алмас Қылыш                                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу