Маңғыстауда бизнес-жобалар үшін 1 миллиард теңге бермек

868

Бұған дейін 314 млн теңгеге 60 жоба қаржыландырылған.

Маңғыстауда бизнес-жобалар үшін 1 миллиард теңге бермек

Маңғыстау облысындағы бизнес-жобаларға 1 миллиард теңге бөлінді. Ол "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

ҚР Ұлттық қорынан "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы" бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы орган арқылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалына 1 миллиард теңге бөлген. Айта кетейік, аталған бағдарлама жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау мақсатын көздейді.

"Бұл қаржы "Атамекен" микроқаржы ұйымы арқылы беріледі. Осы уақытқа дейін 314 млн теңгеге 60 жоба қаржыландырылды, – дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Әсет Байбосынов.

Бағдарлама аясында "Атамекен" микроқаржы ұйымы арқылы "Бизнес Бастау" курсын бітіріп, сертификат алған азаматтар жаңа кәсіп бастау үшін несие жылына 6 пайызбен несие ала алады. Қаражат ауыл шаруашылығы бағытындағы, сондай-ақ сән салонын, тігін шеберханасын ашу сынды жобаларды жүзеге асыру үшін беріледі. Несие алған азаматтарға несие мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін несиені кейін төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу