Маңғыстауда бүтін бір ауыл ауыз сусыз қалды

785

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылының тұрғындары бұрын да ауыз суға жарығандары шамалы. Аптасына бір рет кесте бойынша беріліп келген болатын. Енді құбырлары қақсып тұр. 

Маңғыстауда бүтін бір ауыл ауыз сусыз қалды

Тұрғындар балаларына ас-су ішуге су таппай қалды. Халық тіршілік нәрін таппай отырғанда көрші тұрған бірнеше автокөлік жуу нысандары тәулік бойы жұмыстарын тоқтатқан емес. 

"Еститін мемлекет" қайда? Дәл қасымызда тұрған көлік жуушылар суды тәулік бойы төгіп жатқанда, біз бір тамшыға зар болып отырмыз. Әрі-беріден кейін оларға су халыққа арнап млрд-таған қаржы бөлінген құбыр арқылы келіп тұр. Әділдік қайда? Неге сусыз отырмыз?" деп ашынады тұрғындар. 

Қазір Мұнайлы ауданында 190 мыңдай адам тұрады. Тәулігіне 35 мың текше метр су қажет. Елді мекендерді ауыз сумен қамтитын су тұщыту зауыты тәулігіне одан үш есе кем, яғни тек 12 мың текше метр өнім беріп тұр. 

"Маңғыстау жылу" мекемесі халыққа зауыттан шыққан суды жеткізумен айналысады. Қазір оның зауыт алдындағы қарызы 652 млн теңге. 

Елді мекендегі 800 шақырымдық су құбырының жартысы жасамайды. Коммуналдық қызмет мамандары бизнес субъектілерінің су құбыры жүйесіне қосылатындығы туралы  сөзін жоққа шығарады. Өйткені, су қысымы тұтынушылар үшін жеткіліксіз.

"Соңғы уақытта "Каспий" су тұщыту зауытынан судың көлемі тиісті деңгейде келмеуіне байланысты кестеден ауытқу болды. Тәулігіне 5-6 мың текше метр су келеді. Құбыр арқылы су беру үшін кем дегенде 2 мың куб су кетеді, ал бір көлікпен тасуға 4,2 куб су кетеді,бағасы 2680 тг тұрады",- дейді "Маңғыстау жылу" ЖШС директорының міндетін атқарушы Жасұлан Мұхамбетқалиев. 

Әзірге тұрғындар суды көлікпен тасымалдап ішуіне тура келеді. Оған 27 су тасушы көлік жұмылдырылған. Коммуналдық қызметтер ауыз суды кесте бойынша беруді алдағы күндері қайта бастамақ. Үш жыл бұрын уәде етілген су тұщыту зауытын жаңарту жұмыстары әлі басталған жоқ. Ауыл халқы жазда су тапшылығы одан әрі күрделене түсетінін сезіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу