Былтыр Маңғыстауда кәсіпорындар жұмысы 24 рет тоқтаған

1007

2021 жылы Маңғыстау облысында 62 ұжымдық еңбек дауы тіркелді. Мұны Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.  

Былтыр Маңғыстауда кәсіпорындар жұмысы 24 рет тоқтаған

"Еңбек дауларының ішінде 24-інде 3 сағаттан астам жұмыс тоқтады. Басты талаптары – жалақыны арттыру. Бұл "ҚазМұнайГаз" компаниясының еншілес ұйымдары мен сервистік қызмет көрсететін жеке мердігерлік компаниялар қызметкерлерінің жалақысында айырмашылықтардың болуына, сондай-ақ қызметтер үшін әртүрлі тарифтерге байланысты", – деді ол.

Айта кетейік, бүгін президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы болды. Үкімет мүшелері өткенге есеп беріп, болашаққа құрған жоспарын таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу