Маңғыстауда дәрі-дәрмек пен қызмет көрсету бағасы өсті

561

Тамыз айындағы статистикаға жүгінсек, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің, оның ішінде дәрі-дәрмектердің 55 атауының 27-сі қымбаттаған.

Маңғыстауда дәрі-дәрмек пен қызмет көрсету бағасы өсті

Бағаның өсуі 2 мың теңгеге дейін барды.

Мәселен, Форте Н Эссенциалының құны 185 теңгеге өсті. Ингавирин 90 мг 64 теңгеге өсіп 5 522 теңге болды. Ал но-шпа 40 мг – 54 теңгеге қымбаттап құны 2 605 теңге болса, смекта ұнтағы – 59 теңгеге өсіп, 10 данасы 1 450 теңгеге сатылуда.

Кір жуғыш ұнтақ 21 теңгеге қымбаттап, 750 теңгеге жетті. Сусабын 44 теңгеге қымбаттап, сатылым құны 847 теңге.

Кейбір қызметтердің, соның ішінде коммуналдық қызметтердің де құны өсті. Өңірдің шипажайларында бір тәулік емделу орташа есеппен 18 974 теңгені құрап, 2 003 теңгеге қымбаттады.

Тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін коммуналдық төлемді мамандар 42,03 теңгеге бағалайды, өсім 0,93 теңге. Ыстық және суық су үшін төлем тиісінше текше метрге 3,02 және 7,11 теңге өсті. Су жеткізу тарифі бір текше метр үшін 4,66 теңгеге өсіп, төлем 68,23 теңге болды.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу