Маңғыстауда дәрі-дәрмектер ашық күйінде жатыр

607

Маңғыстау облысы Батыр ауылының маңында тұрғындар далаға ашық тасталған дәрі-дәрмектерді және басқа да медициналық препараттарды видеоға түсіріп таратуда.

Маңғыстауда дәрі-дәрмектер ашық күйінде жатыр Фото: Видеодан скриншот

Тұрғындар дәрілік препараттардың, шприцтер мен ампулалардың  қаптамаларын тапты. Ауыл тұрғындары жауапты ұйымдардан қоқыс тасталған полигонды жою бойынша шаралар қабылдауды сұрайды. Өйткені олар жайылымдағы малға қауіп төндіреді деп қауіптенуде.

"Мүмкін кейбір дәріхана барлық қоқыстарын осында тастаған шығар. Дәрі- дәрмектердің барлығының мерзімі өтіп кеткен болар. Қалай болғанда да дәрілердің ашық-шашық жатуын жүрыс емес деп санаймыз", - дейді тұрғындар.

Бұл жағдай бойынша Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы әлі түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу