Маңғыстауда дәрігер тапшылығын жою үшін білім гранттары бөлінеді

537

Маңғыстау облысына қазір 251 дәрігер қажет.

Маңғыстауда дәрігер тапшылығын жою үшін білім гранттары бөлінеді Фото: Яндекс

Әсіресе, Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы, Жетібай ауылдарында білікті дәрігерлер жетіспейді. Өңірде бюджеттен бөлінген білім грантының 86 % жуығы медицина саласына беріліп келеді.

Мұнайшы ауылында 6 200-ге жуық адам тұрады. Оларға арналған 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория бар. Ал Жетібайда 150 адам сиятын емхана және 75 төсектік аурухана жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар тұрғындарды "Ақ ниет" және "Али - Мед" жекеменшік медицина орталықтары қабылдайды. Десе де маман тапшылығы тұрғындарды толғандырып отыр.

Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстардың тапшылығын ескере отырып, 2023 жылы медицина мамандығына жалпы білім беру гранттарын бөлу жоспарлануда. Биылғы оқу жылында 175 түлек өңір үшін қажетті мамандықтар бойынша, соның ішінде дәрігер мамандығы бойынша тегін оқуға мүмкіндік алады. 

Айта кетейік, мектептердегі білім деңгейі мен медициналық қызмет көрсету сапасы стандартқа сай болуы керек. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар арыз, шағымның түсуін күтпей-ақ, елді мекендердегі әлеуметтік мемлекеттік мекемелердің жұмысын халықтың сұранысын толық қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыруы қажет. Ауыл халқымен кездескен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осылай деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу