Маңғыстауда дельтаплан құлап, ер адам қолын сындырып алды. Оқиға Қарақия ауданында Шопан ата киелі орнына барар жолда болыпты.
"Дельтапланның құлауынан 1988 жылы туған азамат зардап шекті. Оған көмек көрсету үшін оқиға орнына бес адамнан тұратын құтқарушылар тобы барды. Екі қолы сынған азаматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Сол жерде зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинистік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, ауруханаға жеткізілді", – дейді Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу