Маңғыстауда дін саласында 13 заң бұзушылық тіркелді

719

Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетовтің мәліметінше, 13 заң бұзушылықтың ішінде діни әдебиетті рұқсатсыз таратқан 3, діни рәсімдерді өткізу талаптарын бұзған 2, мешіттің қызмет жасауына кедергі келтірген 1 дерек бар.  

Маңғыстауда дін саласында 13 заң бұзушылық тіркелді

Ал әлеуметтік желіде теріс діни материал жариялаған 7 адам жауапкершілікке тартылды.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 490-бабына сәйкес, "ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңнамасын бұзғаны үшін 13 азамат жауапкершілікке тарылып отыр. Оларға жалпы соммасы – 1 207 638 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері аталмыш басқармаға 12 өтініш түсті. Оның ішінде ғибадат үйлерін салуға  4, діни іс-шаралар өткізетін үй-жайларды келісуге  2, миссионерлік қызметті жүргізуге – 4, діни әдебиетті таратуға орын белгілеуге 2 арыз бар", деді Мақсатбек Маханбетов.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап исламтанушы, дінтанушы, теолог мамандығына облыс әкімінің гранты бөліне бастаған. 2018-2021 жылдар аралығында  облыс әкімінің 38 грантын иеленген жастар жоғары білім алуда.

"2018 жылы облыс әкімінің грантымен – 12, 2019 жылы – 12, 2020 жылы 10 студент "Нұр-Мүбарак" университетінде білім алған. Бүгінде аталған университетте маңғыстаулық 98 студент оқып жатыр, оның 4-уі облыс әкімінің грантын жеңіп алғандар", деді Мақсатбек Маханбетов.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу