Маңғыстауда достарымен серуенге шыққан бозбала белгісіз жағдайда көз жұмды

656

Марқұм биыл 11-сыныпты бітіріп, химия-биология бағыты бойынша жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген екен.

Маңғыстауда достарымен серуенге шыққан бозбала белгісіз жағдайда көз жұмды Фото: foto-planeta.co/улья

Бейнеу ауданында достарымен бірге серуенге шыққан 17 жастағы бала белгісіз жағдайда қайтыс болған.

Ата-анасы жалғыз ұлдарының кісі қолынан қаза тапқанына сенімді екендерін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

Марқұмның достарының айтуынша, сол күні оларды ауылдың "старшактары" қатарға тұрғызып қойып соғыпты. Сол кезде Сағындық соққыны көтере алмай құлаған көрінеді. Достары оны дәрігерге апарған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.

Марқұмның туыстарының сөзінше, бозбаланың денесінен ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көріп, Ақтау қаласына сараптамаға әкелген.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға қатысы бар күдікті ұсталған.

– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді. Оның соңы адам өліміне әкеп соқты деген дерекпен (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) күдікті ұсталды, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу