Маңғыстауда егіз сарбаздар өз таңдауларын жасады

656

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлерінің Айбек пен Айдын Бұхарбол атты егіз сарбаздары, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыстарын берді. 

Маңғыстауда егіз сарбаздар өз таңдауларын жасады Фото: inbusiness.kz

“Біз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып, мемлекетіміздің патриоты ретінде, елімізді жарқын болашағы үшін осы маңызды іс-шараға белсенді қатысып жатырмыз, біз өз таңдауымызды әскери бөлімдегі сайлау учаскесінде жасадық және барша Қазақстандықтарды сайлауға шақырамыз”, – дейді сарбаздар.

Айта кетейік, сайлауға қатысып жатқан мерзімді әскери қызметшілердің басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатқан сарбаздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу