Бұған дейін бірінші сатыдағы сот сотталушыға 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын берді. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасаған сотталушы әйелімен бірге тұрған балаларын зорлаған. Қылмыстардың жиынтығы бойынша оған 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілінің апелляциялық шағымы бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін қайта қарады.
Апелляциялық шағымда жәбірленушілердің адвокаты тағайындалған жазаның жеңілдігін көрсетіп, қаскөйге қатысты үкімді өзгертуді сұраған болатын. Маңғыстау облыстық сотының хабарлауынша, қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.