Маңғыстауда екпе алғандарға сыйлықтар ойнатылады

1316

Басты сыйлық – Ақтаудағы екі бөлмелі пәтер.

Маңғыстауда екпе алғандарға сыйлықтар ойнатылады

Маңғыстау облысында бүгін "Екпе ал да – екі бөлмелі пәтер ұтып ал" акциясы басталды. Науқан соңында ұтысқа бір бөлмелі пәтер тігіледі, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Акцияға қатысып короновирусқа қарсы екпе алған тұрғындар тұрғылықты мекенжай бойынша емханада екпе салдырып, QR код арқылы сайтқа тіркелуі қажет. Науқан бір ай бойы жүргізіледі. Әр жұма сайын бағалы сыйлықтар ойнатылып, соңында ұтысқа Ақтау қаласынан екі бөлмелі пәтер қойылмақ, Шараға ковидке қарсы екпе алғанның бәрі қатыса алады. 

"Акция  көпшілікті ынталандыру мақсатында қолға алынып отыр. Қазіргі күні облыс бойынша егілгендер саны шамамен 18-20 пайыз құрайды", - дейді облыстық Маңғыстау облысы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров. 

Бұдан бөлек, өңірлерде тұрғындар тарапынан қазақстандық "QazCoVac-P" вакцинасын салдырғаны үшін 200 мың теңге береді деген түсінік те кездесіп отыр. Алайда, денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен нақтылап білгеніміздей, аталған сынақтың бірінші кезеңіне тек қана зертханалық жағдайы бар Алматы және Тараз қалаларынан 44 ерікті қатысып, оларға аталған сомада сыйақы төленеді. Ол сәтті өткен жағдайда сынақтың екінші фазасы басталып, оған 200 адам қатыспақ.

Ал екпе алғандарды сыйлықтар арқылы ынталандыру тәжірибесі бұған дейін Атырау облысында да басталғанын жазған болатынбыз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу