Маңғыстауда экстремистік бейнеролик таратқан екі адам ұсталды

615

Жедел тексеру шаралары кезінде теріс діни ағым жетегіндегі жандардың террористік және экстремистік сипаттағы басқа да заң бұзушылықтарға барғаны анықталған.  

Маңғыстауда экстремистік бейнеролик таратқан екі адам ұсталды

Маңғыстау облысының екі тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік тұрғыдағы үгіт-насихат сарынындағы бейнероликтерді жариялағаны үшін ұсталды, деп inbusiness.kz.

Жыл басынан бері аймақтың құқық қорғаушылары деструктивті діни ағымдарды ұстанатын тұрғындар тарапынан тоғыз заң бұзушылықты анықтаған, олардың ішінде, заңсыз суық қару ұстау, ұрлық, алаяқтық қылмыстары бар.

"Біз облыс тұрғындарын жалған діни ағымдар мен ұйымдардың үгіт-насихатына ермеуге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланып жатқан зорлық-зомбылыққа шақыратын, діни алауыздық тудыруға бағытталған күмәінді материалдарды таратпауға, ондай ақпаратты білген жағдайда ізін суытпай бізге хабарлауға шақырамыз", – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу