Оқиға Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы супермаркеттердің бірінің алдында болған.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, "кісі өлтіруге оқталу" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал, ауруханаға жеткізілген әйел адам 2000 жылы дүниеге келген.
"Ол ауруханаға сағат 22.40-та түсті. Шұғыл түрде операциялық бөлімшеге жатқызылды. Алдын ала қойылған диагноз: пышақ әйелдің құрсақ қабырғасына және сол жақтағы кеуде қуысына кірген. Операция: лапаротомия, сол жақта диафрагманы тігу, ревизия, құрсақ қуысын санитария және дренаждау, сол жақта Бұлау бойынша плевра қуысын дренаждау бойынша жасалды. Жоғарғы және төменгі аяқ жараларынА біріншілік хирургиялық емдеу жүргізілді. Операциядан кейінгі диагноз: диафрагма мен бауырдың зақымдалуымен іш қабырғасының енген пышақ жарақаты. Сол жақта гемопневмоторакс 200 мг. Гемоперитонеум 100-150 мг. Жүктілік 10 апта 1 күн", – делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты және ауыр. Гемодинамикасы тұрақты. Қыз жансақтау бөлімінде емделуін жалғастырып жатыр.