Маңғыстау облысында кроссовкидің ішіне телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz "Лада.kz" сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №77 мекемесінде сотталғандардың біріне арналған кроссовкиде тыйым салынған затты алып өтуге әрекет жасау дерегі анықталды.
Ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлері тексеру барысында ұялы телефон мен SIM-карта анықтады.
"Аталған заттар спорттық кроссовкидің ішіне жасырылған. Олар сотталғандардың біріне арналған. Қызметкерлер табылған заттарды тәркіледі. Ұсталған азамат Жаңаөзен қаласының тұрғыны болып шықты",-деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталғанға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) сәйкес әкімшілік хаттама жасалды.