Маңғыстау облысында отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

1280

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болды.  

Маңғыстау облысында отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды Фото: Google

1 желтоқсан күні сағат 19.45-те Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция бөліміне Мұнайлы ауданында 4 мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданындық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізімінде тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеміз. Осыған байланысты Полиция департаменті азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламаларға жауап бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады", - делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу