39 жастағы күдікті "Telegram" желісінде есірткі саудалайтын топтың жарнамасы бар граффити жазбасын жазу кезінде қолға түскен.
Мұндай жарнама парақтары ілініп тұрған тұрғын үйлердің тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет наразылықтарын білдірген болатын.
Күдіктіні ұстау барысында интернет-дүкеннің мекен-жайы көрсетілген граффити салуға арналған үш трафарет, дүкендер жарнамасы анық басылған 40 данадан астам парақша, 5 дана қара түсті бояу бүріккіш, екі жұп резеңке қолғап және ұялы телефон тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 299-1-бабы, яғни есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмеді.
Алмас Қылыш