Маңғыстауда есірткі зертханалары анықталды

636

Марихуананың жалпы салмағы 5 келіден асады. 

Маңғыстауда есірткі зертханалары анықталды Фото: polisia.kz

Қызметтік иттерді қолдана отырып, Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында екі ағайынды жігіт ұсталды.

Екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары, олар тұрғылықты жері бойынша және Ақтау қаласы аумағындағы жалдамалы пәтерлерінде есірткі зертханаларын ұйымдастырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37 және 39 жастағы күдіктілерден өзімен бірге және тұрғылықты жері бойынша марихуана есірткі затының бестен астам байламы тәркіленді.

Сонымен қатар екі жалдамалы пәтерде марихуана өсіруге дайындалған және жарақтандырылған екі есірткі зертханасы табылды. Пәтерлерде фольга, шам, сорғыш, желдеткіштер, есірткіні пайдалануға арналған аспаптар, баклажкалар мен ыдыстар, сондай-ақ каннабис тобының (“марихуана”) 17 бұтасы және марихуана есірткі заты бар бір картон қорап тәркіленді.

Барлық тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу