Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды

96

Олар есірткі сататын Telegram-дүкендердің сілтемелері көрсетілген парақшаларды жапсырып жүрген.  

Маңғыстауда есірткі жарнамасымен айналысқан екі күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

9 қаңтар күні Ақтауда есірткіге қарсы күрес қызметкерлері 42 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Сондақ-ай парақшаларда есірткіні жасырын қойып кетушілер мен курьерлерді жұмысқа шақыру туралы ұсыныс болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұсталғандардың екеуі де жұмыссыз және бұған дейін есірткі айналымына байланысты бірнеше рет жауапқа тартылған.

Ұсталғандардан маркерлер, жарнамалық парақшалар тәркіленді. Сонымен қатар олардан граффити салумен айналысу туралы "оператормен" сөйлескен хаттары мен фотосуреттер сақталған телефондар алынды.

Есірткіні заңсыз жарнамалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу