Маңғыстауда есірткіге қатысты 257 заңбұзушылық анықталды

619

Маңғыстау облысында жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымынан 244 келі есірткі заты тәркіленген.

Маңғыстауда есірткіге қатысты 257 заңбұзушылық анықталды

Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция уәкілі Балзипа Бердешованың айтуынша, биыл 228 есірткі қылмысына қатысты теріс қылықтар мен 29 ірі көлемде табылған есірткі дерегі тіркелді.

"Келеңсіз жағдайлар жастардың есірткі заттарына тәуелді болуына әсер етуде. Сондықтан да тек құқық қорғау органдары тарапынан ғана емес, барлық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және тұтастай алғанда азаматтық қоғамның барлық институттары тиісті және уақтылы шаралар қабылдауды талап етеді. Жыл басынан бері есірткі қылмысының алдын-алу бойынша 85 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, қоғамдық орында жарнамаланған 352 граффити жазулары анықталды және жойылды", – деді Балзипа Бердешова.

Сондай-ақ есірткі заттары мен олардың аналогтарын жарнамалайтын және сататын 31 интернет сайты бұғатталған. Қазір облыста есірткі пайдаланатын 602 адам есепте тұр. Оның 30-ы әйел. 

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу