Маңғыстауда ғасыр жасаған кейуана жаңа жылмен құттықтады

710

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданында ғасыр жасаған ана Қаным Сүйіндікова қазақ елін жаңа жылмен құттықтады.   

Маңғыстауда ғасыр жасаған кейуана жаңа жылмен құттықтады

"Қоян жылы сыртқы жаулардан сақ, қырағы болайық! Елімізде мәңгі бейбітшілік, ынтымақ бірлік болсын! Ұрпағымыз саналы, білімді болып еліміз көркейе берсін!", - дейді кейуана.

Қаным Сүйіндікова 100 жасқа толып, ұрпағынының қызығын көріп, жапырағы жайылған бақытты әже. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың құттықтау хаты мен ыстық-ықыласы жетті.   

Қарияда ел алдында жүрген ұлдарына алғысын айтып, ақ батасын берді. 

Сондай-ақ Қаным Сүйіндікованың өмір жолына арнайы түсірілген бейнематериал көрсетілді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу