Маңғыстауда газ бағасы неге әркелкі?

648

Атырау газы Маңғыстау газынан қымбат.

Маңғыстауда газ бағасы неге әркелкі?

Маңғыстау облысы өз-өзін сұйытылған газбен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Өңір әкімі Серікбай Трұмов осылай деп отыр. Өздері шығаратын көгілдір отын қажеттілікті толық өтей алмағандықтан, Атырау мен Ақтөбеге қол сзоып отырған көрінеді. Ал ол жақтан келетін газ жергілікті өнімнен әлдеқайда қымбатқа түсіп отыр. Осыдан келіп баға алшақтығы қалыптасқан. 

"Маңғыстау облысында жылына 14 500 тонна газ өндіріледі. Ал ішкі сұраныс қыста 17 мың, жазда 18 мың тоннаға дейін жетеді. Яғни, бірінші мәселе өзімізден шығатын газдың ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмауында. Сондықтан, біз Энергетика министрлігімен келісе отырып, қалған жетпейтін газды Ақтөбеден, не болмаса Атыраудан қосымша алып отырмыз. Газды бөлуге келетін болсақ, министрлік бекіткен арнайы формула бар. Осы формула бойынша газбен қамтамасыз ететін ұйымдарға бөлеміз. Қазір бізде 5 газбен қамтамасыз ететін ұйым бар. Күні бүгін біз жетпейтін газды Атыраудан министрліктің бөлгеніне орай алып отырмыз. Ал қазір өңірде ондай үлкен мәселе жоқ. Дегенмен бағасына байланысты  айырмашылық бар. Мысалы "Қазақ газ өңдеу" зауытынан шығатын сұйытылған газдың бағасы 43 мың теңге болса, Атыраудан бізге берілетін газдың бағасы – 68 мың теңге. Газ сатумен айналысатын кәсіпкерлеріміз "Қазақ газ өңдеу" зауытынан шығатын газға тәуелді. Өйткені сатқанда көбірек пайда көреді. Осыдан келіп бөлініс кезінде мәселелер туындап отыр. Өңірдің газға қажеттілігін шешу үшін қосымша Атыраудан, Ақтөбеден аламыз. Оны қадағалау орындарымен бірлесе отырып шешуге тырысамыз", - деді аймақ басшысы. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу