2024 жылдың 18 наурызында шамамен сағат 23.00-де Орталық Азия – Орта магистралды газ құбыры лупингінің күзетілетін аймағының конденсат жинағышы желісінде газ ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты.
Сағат 23:13-де келісім бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі өртті сөндіреді.
Зардап шеккендер жоқ, газ тасымалдау нысандарына залал келмеген, жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.
Өрт халықты газбен қамтамасыз ету және газды тасымалдау жұмыстарына кедергі келтірмеді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу