Маңғыстауда газды жоғары бағамен сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды

485

Монополияға қарсы ведомство сұйытылған мұнай газын шекті бағадан асырып нарыққа өткізген газ құю бекетінің иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.  

Маңғыстауда газды жоғары бағамен сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарлауынша, өңірде газды литріне 50-55 теңге бағасында мемлекеттік реттеу енгізілді. Монополияға қарсы қызмет КББ корпорациясы, "Ер-Нұр 2021" ЖШС, "Integra-N" ЖШС-де көгілдір отынды мемлекеттік сатып алу арқылы литріне 80-90 теңгеге дейінгі бағамен сатқанын анықтады.

Аталған субъектілерге монополияға қарсы ден қою актілері нұсқама түрінде енгізілді, бірақ олар елемеген. Сондықтан да монополияға қарсы департамент нарық субъектілерін ден қою актілерін орындауға мәжбүрлеу үшін сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен монополияға қарсы органның талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. "Ер-Нұр 2021" ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған субъектілер бойынша әкімшілік іс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу