Ақтау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінде мониторинг қорытындысымен қала бойынша 33 газ құю станциясы жұмыс істейтіні туралы жауап берілді. Сұйытылған мұнай газының үш күндік қоры бар. Ақтау бойынша жағдай тұрақты.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі №16 "ҚР аумағында АГҚС-қа автокөлікті құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы" бұйрығына өзгеріс енгізілді.
Шалғай аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы Маңғыстауда литріне 54 теңге. Облыс орталығынан 200 шақырым және одан да шалғай аудандар үшін қосылған құн салығы бар шекті бөлшек сауда бағасы литріне 59 теңгені құрайды.