Маңғыстауда грузин капиталының үлесі бар 27 кәсіпорын тіркелген

828

Маңғыстаудың Грузиямен байланысы нығаймақ.

Маңғыстауда грузин капиталының үлесі бар 27 кәсіпорын тіркелген

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Грузияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Зураб Абашидзені қабылдады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңірге арнайы сапармен келген елші Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетімен танысып, сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, кәсіпкерлік, құрылыс, туризм бағытында байланыс орнатуды көздейді.

Жалпы, 2018 жылы Маңғыстау мен Грузия республикасы арасындағы тауар айналымы 3 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі таңда облыс аумағында грузин капиталының қатысуымен 27 кәсіпорын тіркелген.

"Екі өңірдің арасындағы сауда-экономикалық байланыс екі жақтың да қарым-қатынасын нығайтады деген сенімдемін. Қызығушылық жоғары. Ақтау мен Құрық порты біз үшін өте маңызды. Дәл осындай біздің Батуми порты бар", – деді Зураб Абашидзе.

Ал өңір әкімі Ералы Тоғжанов:" Бүгінгі таңда Құрық портына дейін 2000 шақырым теміржол салынған. Сондай-ақ, Грузиямен туризм бағытында байланыс орнатуды қарастырамыз", – деді. 

Маңғыстаудың көліктік-логистикалық әлеуеті зор. Әкім облыс Грузия үшін сенімді серіктес бола алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу