Маңғыстауда ірі көлемде бекіре тәркіленді

1085

Мемлекетке келген шығын – 87 млн теңге. 

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре тәркіленді

Маңғыстау облысында ірі көлемде бекіре балығын заңсыз аулаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz  lada.kz-ке сілтеме жасап.

Шекара қызметі департаменті Қарақия шекара басқармасының шекарашылары заңсыз балық аулаған Қазақстан азаматын ұстады. Браконьерден 400 келіден аса бекіре балығы тәркіленген.

Ер адам көлігіне 55 бекірені тиемек болған.

"Жүктің жалпы салмағы 400 келіден асады. Бекірені заңсыз аулаудан мемлекетке 87 миллион теңге шығын келген", - деді ҰҚК Шекара қызметі департаменті баспасөз орталығының жетекшісі Ерсін Кайбуллин.

Браконьер Қарақия аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу