Маңғыстауда іздеуде жүрген сотталған адам ұсталды

650

Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Ақтау тұрғыны уақытылы жасалатын тіркеуден жалтарған.

Маңғыстауда іздеуде жүрген сотталған адам ұсталды

Маңғыстау облысында тонау қылмысы үшін сотталған ер адам ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

42 жастағы азаматты Жаңаөзен қалалық соты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі тонау әрекеті бойынша соттап, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. Кейін сот қаулысымен жазаның өтелмеген мерзімі жазаның жеңіл түріне – бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Сотталушы пробация қызметіне осы жылдың ақпан айында есепке қойылады. Бірақ істі болған азамат мамырдан бастап тіркеуге уақытылы келуді тоқтатқан. Ақтау қалалық пробация қызметінің өкілдері Жаңаөзен қалалық сотына іздеу жариялау туралы ұсыныс жібереді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында сотталушының қашып жүрген жері анықталып, қолға түсті.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу