Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен

181

Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова кімге шағымданарын білмей дал. 

Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен Фото: видео скриншот

Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен. Оқыс оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 29 шілде күні таңда ешкі тұрған қораға бес қаңғыбас ит кіріп кетіп, 40 бас ешкіні талап кеткен. 

Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова шағымын айтты.

"Мен кәсіпкерлер палатасына, облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек бермеді. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Бірақ ешкім менің жанайқайымды елемеді", - деді ол.

Әйелдің сөзінше, ол ешкі өсіру үшін "Нұр-Капитал" бағдарламасы бойынша несие алған.

"Менің өнімім Мұнайлы ауданы тұрғындарын сүт, ірімшік, құрт, кілегей және ешкі сүтімен қамтамасыз етіп келді. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас иттер екі сағатта барлығын қырып кеткен", - деді Нүрпейісова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу